Сиқырлы Энергия Өзенi əлемiне қош келдіңіздер!

Сиқырлы Энергия Өзенi əлемiне қош келдіңіздер!

Бұл жерден Сіз “Қала бұрыштары” ойыны жайлы, сонымен бірге осы ойынмен байланысты əртүрлі тақырыптар мен жобалар туралы ақпарат таба аласыз.
“Қала бұрыштары” мен ойынның қандай қатысы бар?
Орталық Азия тауларында өткен бір жиын барысында «Қала бұрыштары» қосымшасы туралы идея дүниеге келді. Қазақстандағы Гете институтының жобасы бойынша киіз үйлер ауылына жиналған жас өнерпаздар, белсенділер мен ғалымдар жастарды қоршаған орта тақырыбына қызықтыратын пайдалы бастамаларды алға қою үшін жиналған еді. Орталық Азия Аймақтық экология орталығымен (РЭЦЦА) ынтымақтастықтың арқасында Астана, энергия тақырыбымен байланысты қаладағы өмір салтын негізгі тақырып ретінде алға қойған ойынның сахнасына айналды.
Ойынды мобильді құрылғыларға App Store мен Playmarket-тен IOS (8.0 нұсқасынан бастап) және Android (4.4.0 нұсқасынан бастап) операциялық жүйелерінің көмегімен, іздеуге «Қала бұрыштары» немесе «Urban Corners» атауларын енгізу арқылы ақысыз жүктеп алуға болады.

Бұл жерден сен оқиға желici мен ойын ережелерін таба аласың.


Ойыншылар = Қарауылдар

Ойын бұрыннан келе жатқан бес түрлі сиқырлы энергиядан: От, Су, Жел, Жер және Уақыт пен Болашақ энергиясынан тұратын сиқырлы өзен жайлы. Осылайша бес энергия болған сияқты Қарауылдардың да бес тобы болады, олар Өзен энергиясының тепе-теңдігін қамтамасыз етеді және сол арқылы оның жағасында тұратын адамдарға қамқорлық көрсетіп, қорғайды.

Ойыншылар енді жаңа Қарауылдар болады. Олар Қарауылдардың қай тобына барғысы келетінін өздері таңдайды. Міне олар өздерін таныстыруда:

Жаңалықтар

Астанада өткен Қарауылдардың  екінші  үлкен мерекесі

Астанада өткен Қарауылдардың екінші үлкен мерекесі

2017 ж. қазанның 7- жұлдызында Қазақстандағы Гете Институты Астанада Қарауылдардың екінші үлкен мерекесін өткізді …
ары қарай
Қарауылдардың жоғалып кету құпиясы ашылды.

Қарауылдардың жоғалып кету құпиясы ашылды.

Талғат пен Дина 2000- жуық жаңа Қарауылдың көмегімен Қарауылдардың жоғалып кету құпиясын ашты. Шын мәнінде Қарауылдардың жоғалып кету себебі, олар …
ары қарай
Алақай! Біздің санымыз 1500-ден асты!

Алақай! Біздің санымыз 1500-ден асты!

Біздің санымыз ұлғайып келеді. Энергия Өзенін қайта жандандыру үшін 1500 Қарауыл жиналдық. App Store мен Google Play қосымшасынан „Қала бұрыштары“ …
ары қарай
Қымбатты Қарауылдар!

Қымбатты Қарауылдар!

Сіздерге Қарауылдардың үлкен кездесуі қазірдің өзінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгені жайлы қуанышпен хабарлаймыз! Алғашқы 40 күннің ішінде-ақ біздің қатарымызға 700 …
ары қарай
Сиқырлы Өзен Қарауылдарының Астана қалсының әкімі Әсет Исекешов мырзамен кездесуі

Сиқырлы Өзен Қарауылдарының Астана қалсының әкімі Әсет Исекешов мырзамен кездесуі

2017 жылдың 13-шілдесінде «Қала бұрыштары» жобасы аясында Қазақстан Гёте-Институтының Астана қаласындағы INFOLAB@ ақпарат орталығында Сиқырла Өзен Қарауылдарының Астана қаласының әкімі …
ары қарай

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар