Қала бұрыштары – Тұрғылықты орынға негізделген стратегиялық ойын


Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткен ЭКСПО 2017 көрмесінің аясында смартфондар мен планшеттер сияқты мобильді құрылғыларға арналған тұрғылықты орынға негізделген стратегиялық ойын дайындалды. Оның мақсаты – Астана қаласындағы оқушылар мен студенттерге «Болашақ энергиялары» тақырыбының өзектілігін ойын түрінде жеткізу. Бұл форма саналы түрде таңдап алынды, онда ойыншыларға ештеңе түсіндірілмейді. Ойыншылар аталмыш тақырыппен шартты түрде айналысатын және сол арқылы өздерін қоршаған орта мен баянды энергияларды қолдану туралы толғануға итермелейтін ойын әлемінде ары-бері қозғалыста болады.

Ойын 2016 жылдың қыркүйек айының соңынан бері төрт тілде (неміс, ағылшын, орыс және қазақ) қосымша ретінде жүктеп алу үшін қол жетімді. Ойынды мобильді құрылғыларға App Store мен Playmarket-тен (8.0 нұсқасынан бастап) және Android (4.4.0 нұсқасынан бастап) операциялық жүйелерінің көмегімен ақысыз жүктеп алуға болады («Қала бұрыштары» немесе «Urban Corners» атаулары арқылы іздек керек).

Ойын желісі

Хан тәңірінің баурайында тұратын ата-әжелеріне кезекті демалысқа барған ағайынды Талғат пен Дина бес түрлі нышан таңбаланған бір тас тауып алады. Бұл заттың мәнін сұраған немерелеріне аталары Мұхтар мен әжелері Анар сиқырлы өзен мен оның қарауылдары туралы хикаяны баяндап береді. Осыдан көп уақыт бұрын қазір Астана шаһары тұрған жерде бір сиқырлы өзен болған екен. Өзен өзара үндесіп, оған қуат беретін бес түрлі сиқырлы энергиядан (От, Су, Жел, Жер және Уақыт пен Болашақ) тұратын еді. Ол энергиялардың әрқайсысы белгілі бір Қарауылдар тобының қамқорлығында болатын. Энергияның бұл бес түрінің өзара үндестігі адамдардың Өзен жағасында бейбіт те бақытты өмір сүруін қамтамасыз ететін.

Бірақ бірде белгісіз бір себептен Қарауылдар ғайып болыпты. Тепе-теңдігінен айырылған өзен суы тартылып, құрғап қалыпты. Қарауылдардың жоғалып кету себебі күні бүгінге дейін жұмбақ күйде қалып отыр. Ел аузында «Қарауылдар күндердің күнінде қайта оралып, әлі күнге дейін сақталған сиқырлы энергия көздері арқылы өзенге қайтадан өмір сыйлайды екен» деген әңгіме бар.

Көне қарауылдардың ұрпақтары болып табылатын қос немереге екі міндет жүктелді: өзенге қайтадан жан бітіру және қарауылдардың жоғалып кету құпиясын ашу. Ол үшін екеуіне өздері қарауылдарға айналып, қол ұшын созатын ойыншылардың көмегі қажет. Талғат пен Дина сонымен қатар өзеннің кейін қайтадан тартылып қалуына кедергі келтіру үшін қарауылдардың жоғалып кету себебін анықтауға аттануға тиіс болғандықтан ойыншыларға екі сиқырлы көмекші қолдау көрсетеді. Олар ойыншыларға ойын барысында еріп жүріп, көмек көрсететін қасқыр мен сауысқан.

Ойын барысы

Ойынның мақсаты – Энергияның Сиқырлы Өзеніне қайта өмір сыйлау. Өзенге ойыншы Астана қаласындағы белгілі бір нақты орындарда болу арқылы жинайтын сиқырлы энергия бөлшектері қажет. Алайда, ол үшін ойыншы әртүрлі тапсырмаларды орындау қажет. Сәтті орындалған әрбір тапсырма арқылы ойыншы энергия бөлшектеріне қол жеткізеді және оларды өзенге бере алады. Ал өзенге берген энергия бөлшектері үшін ол ұпайлар ұтып алады. Кім ең көп ұпай жинаса, сол жеңеді.

Барлығы әрқайсысы белгілі бір қарауылдар тобына қарасты бес түрлі энергия бөлшектері бар. Өзінің энергия бөлшектері тепе-теңдікте болса, өзен жанданып, өркендей түсетіндіктен ойыншы өзі жинаған энергия бөлшектерінің қайсысын дәл қай кезде өзенге бергісі келетіні туралы жақсылап ойлануы керек. Ойыншы өзенге белгілі бір сәтте аз болып тұрған энергия бөлшектерін беретін болса, ол үшін көбірек ұпай сыйлайтын ұпайлар үлгісі көмекке келеді.

Тапсырманың екі түрі бар:

  1. «Тек» көңіл көтеріп, ойын қызығын қыздыра түсетін тапсырмалар және
  2. «Баянды энергия» тақырыбына тікелей қатысты тапсырмалар. Тапсырмаларды орындау үшін ойыншының нақты жерлерге баруы қажет, оның дәлелі GPS-орын анықтау қызметі арқылы көрініп отырады. Мысалы, тапсырмалардың арасында сұрақтарға жауап беру, QR-кодтарды тауып, сканерлеу, қызықты суреттер түсіру (ойыншылардың жүктеген суреттерін urban-corners.org/photostream желісінен көруге болады) және т. б. кездеседі.

Ойын бекеттерінің қатарында танымал орындар мен «баянды энергия» тақырыбына арнайы қатысы бар жерлер де бар. Ол бекеттер жөнінде, әсіресе, қоршаған орта тақырыбы туралы қосымша мәліметтерді ойыншы „Қарауылдар кітабы“ деп аталатын кітаптан таба алады. Ойыншылардың қызығушылығын арттыру, көбінесе төмендегі элементтерді қолдану арқылы жүзеге асады:

  1. Өз Қарауыл Тобымен сай келу (әр ойыншы ойынның басында бір Қарауыл тобын таңдап алады)
  2. Ойыншылардың шынайы өмірінде орын алатын ойын барысы (тапсырмалар, ойын бекеттері және т.б.)
  3. Ойынға арналған жаңа орындарды ұсыну және жетілдіру, сондай-ақ олар кейінірек ойын барысына енсе, сол үшін қосымша ұпайлар жинау мүмкіндіктері
  4. Ойын барысы, экологиялық тақырыптарқа қатысты ойыншылар арасындағы пікір алмасулар мен әлеуметтік желідегі ақпараттық қолдау туралы:
    www.facebook.com,
    vk.com
    www.goethe.de

Перспектива

Өзекті ойын барысы да, сонымен қатар ойын желісі де 2017 жылғы ЭКСПО көрмесінің «Болашақ энергиялары» тақырыбымен байланысты. Ойын ЭКСПО аясында жастардың экология тақырыбына қызығушылығын ояту мақсатындағы инновациялық жоба ретінде таныстырылды. ЭКСПО аумағы мен павильондар ойынның ерекше бір бөлігі болып саналды.

Ойынның өту уақыты ЭКСПО уақытынан да ұзақ мерзімге созылады. аясынан шығып кетеді. Ойын қосымша жаңа бекеттер мен жаңа тапсырмалардан тұратын бірнеше кезең бойынша өтеді. 2017 жылдың 15 қыркүйегі мен 2018 жылдың 22 наурызы аралығында ойынның үшінші кезеңі орын алады.
Ойын мазмұнынан жаңа жобалық жұмыстар тудыру мүмкіншілігі зор (мысалы, қоршаған орта тақырыбына байланысты жаңа бекеттерді интерактивті түрде әрлендіру, ойынның идеяларына қатысты воркшоптар, материалды тіл сабақтарында қолдану).

Қазақстан Гёте-Институты 2018 жылы жобаның соңына қарай Астанада мүдделі серіктестер болса, ойынды қабыл алып, ары қарай жүргізуді ұсынады.

Гёте-Институт осы жоба аясында Астана қаласының әкімдігі мен АҚ «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен  тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Сонымен қатар жобаға Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы (РЭЦЦА) Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамымен бірлесе отырып (GIZ) кәсіби тұрғыдан кеңес беріп отырды.

ЭКСПО-2017 көрмесінің барысында бұл жоба Халықаралық климаттық бастаманың (IKI) бір бөлігі болып табылды. Германияның қоршаған орта, табиғатты қорғау, құрылыс және реакторлар қауіпсіздігі Федеральдық министрлігі (BMU) Германия Бундестагы қабылдаған шешім негізінде  бұл бастаманы қолдауға алды.

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар