Қарауылдардың үшінші үлкен мерекесі

2018 ж. 22-наурызда «Қала бұрыштары» ойынының 3-ші кезеңі аяқталады. Қалыптасқан дәстүр бойынша ойынның нәтижелері ұйымдастырушылар мен серіктестердің және де ойыншылардың қатысуымен салтанатты түрде жарияланатын болады.
3- ші кезеңуақыты ұзақ болды,– ол былтырғы жылдың 15 – қыркүйегінде басталған еді. Осы алты ай бойы Қарауылдардың қатары көптеген астаналық жасөспірімдермен толықты. Олар Сиқырлы Энергия Өзеніне қайтадан жаңа өмір беру үшін күнделікті ең қиын құпияларды ашып отырды. Олар уақыттарын босқа өткізбейді, Қарауылдарға «қыстық» велосипедттер ойлап тапты, супермаркеттегі полиэтилен дорбаларға қарсы ұрандар шығарды, күн батареяларын орнататын және жасыл желек отырғызатын жерлерді дайындады. Осылайша олар ойынға қатысушылардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға және өздерін қалаларымен бірдей көруге шақырады, өйткені бұл қалада олар әлі ұзақ уақыт табиғатпен үйлесімдікте өмір сүретін болады.
Ойынның 3-ші кезең нәтижелері бойынша ең үздіктер жүлделер мен сыйлықтарға ие болады.
Марапаттау рәсімі Қарауылдардың үшінші үлкен мерекесі аясында 23-наурызда сағ. 15:00 – 17:00 аралығында “Гранд Парк Есіл” қонақ үйінің конференц-залында өтетін болады. Қарауылдар мен олардың достары қатысу үшін телефон арқылы: +7 (7172) 57 12 40 Гульнара Нургалееваға (INFOLAB@ үйлестірушісі) жазылуларына болады.
Сыйлықтардан басқа Қарауылдар мен қонақтарды көптеген тосынсыйлар күтуде және олар ойынның төртінші кезеңі жайлы құнды кеңестер ала алады. Шағын фуршет те оларға арналған.

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар