Астанада өткен Қарауылдардың екінші үлкен мерекесі

2017 ж. қазанның 7- жұлдызында Қазақстандағы Гете Институты Астанада Қарауылдардың екінші үлкен мерекесін өткізді.
«Қала бұрыштары» ойынының екінші кезеңінің нәтижесі бойынша ең үздік ойыншыны таңдау үшін сиқырлы энергия өзенінің Қарауылдары бүкіл қаланың түпкір-түпкірінен жиналды. Бұл күнгі кеште «Білімнің жаңа жарығы» жанында (Астанадағы INFOLAB@ ) «Гранд Парк Есіл» қонақ үйінің үлкен залында сол күні астананың жоғарғы оқу орындарының студенттері, қалалық мектептердің оқушылары мен мұғалімдері және Қазақстандағы Германия елшілігінің өкілдері, сол сияқты Астанадағы Германия ұйымдарының, соның ішінде Конрад Аденауер қоры мен шет елдегі мектеп ісі бойынша орталық қызметкерлері, барлығы 150 жуық адам жиналды.
Мерекедегі ерекше көңілді атмосфераның болуына Астанадағы немістер қоғамы жастарының «Диамант» атты клубынан Қарауыл Руслан Шишковский талмай қызмет етті, ол көрермендерге күлкі сыйлады, көңілдерін көтерді. Сол сияқты қаладағы № 7, 46 и 62 мектеп оқушылары да оған өз үлестерін қосып, әрі қызықты әрі әртүрлі жанрдағы бағдарламаларын көрсетті. Энергия туралы сұрақтар көптеген ойыншылардың «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша да тамаша білетіндерін көрсетті. Осы мерекенің шырқау шегі болған ойынның екінші кезеңіндегі тапсырмаларды орындауда шығармашылық танытқан 1-ші, 2-ші және 3-ші орын иегерлеріне сыйлық табыстау болды.

Қарауылдар кеңесінің шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды: олар Ясмина Алина (1 002 260 балл, 1- ші орын), Дарья Загаровская (962 960 балл, 2- ші орын) и Дамиля Катренова (822 020 балл, 3- ші орын). Жеңімпаздарды құттықтай отырып барлық ойыншыларға 2018 жылғы 22 наурызға дейін созылатын ойынның үшінші кезеңінде сәттілік тілейміз. Жаңадан қосылған ойыншылардың да тамаша сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндіктері бар және сол арқылы өздерінің энергия саласындағы білімдерін жетілдіре алады. Қосымшаға қосылып біздің жаңалықтарымызды қарап отырыңдар!

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар