БАҚ

«Қала бұрыштары» жобасы жайында шетелдік және қазақстандық БАҚ

Copyright: Goethe-Institut

Copyright: Goethe-Institut»

Бүгін елордада «Городские уголки: зеленая энергия в Астане» тегін мобильді қосымшасының тұсаукесеріне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Шараға Қазақстан Гете-Институтының директоры Барбара Фрайфрау фон Мюнхгаузен, Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының (РЭЦЦА) директоры Генри Вайс, «Городские уголки» жобасының жетекшісі Ирина Хеч, Неміс жастар клубының жетекшісі Анастасия Риммер және Астана қаласының өкілдері қатысты.
«ЭКСПО- 2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Қазақстан Гете-Институты мен Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы Астана жастарына арнап, ерекше жоба жасап шығарды. Адрес: http://kaztrk.kz/news/portal/30-qyrkuiekte-astanada-gorodskie-ugolki-mobildi-qosymshasy-iske-qosylady-7835

Copyright: МИА «Казинформ»

Copyright: МИА «Казинформ»

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада ЭКСПО көрмесі қарсаңында PokemonGO-ға ұқсас «Қала бұрыштары» атты квест-ойынның таныстырылымы өтті.
Ойын желісі 2017 жылғы ЭКСПО көрмесінің «Болашақ энергиялары» тақырыбымен байланысты. Ойынды ЭКСПО аясында жастардың экологияға қатысты тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатындағы инновациялық жоба ретінде таныстыруға болады, дейді ойынды жасаушылар.
Квест ойын бойынша, ойыншылар қаланың әр бұрышында орналасқан энергия бөлшектерін GPS арқылы іздеп табуы тиіс. Бес түрлі энергия бөлшектерін алу үшін түрлі тапсырмалар орындау шарт. Ал жиналған бөлшектерді ойыншылар виртуалды өзенге қосуы тиіс. More

Copyright: МИА «Казинформ»

Copyright: МИА «Казинформ»

Астана енді стратегиялық ойындар қатарында. Бүгін Қазақстан Гете институтының мамандары елордамыз туралы ойынды таныстырды. EXPO көрмесіне орай құрастырылған мобильді қосымшаның шарты қарапайым: сиқырлы өзенге қайтадан өмір сыйлау. Ойыншылар өзенге қажетті энергияны алу үшін бірнеше тапсырманы мүлтіксіз орындауы тиіс. Көп ұпай жинағандар жеңіске жетеді.
Одан бөлек, ойыншы қалауы бойынша қаладағы ойын-сауық және демалыс орталықтарына немесе дәмханалар мен түрлі мекемелерге бара алады. Яғни ойынның қатып қалған қасаң шарты жоқ. Қала бұрыштары ойыны қыркүйектің аяғында мобильді құрылғыларға шығарылады. Адрес: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/138702-ala-b-ryshtary-ojyny-tanystyryldy

ЕЛОРДАНЫҢ ЭНЕРГИЯСЫН СЕЗІН

ЕЛОРДАНЫҢ ЭНЕРГИЯСЫН СЕЗІН

Елімізде алғаш рет смартфондар мен планшеттерге арналған стратегиялық ойын пайда болды. Кеше жоба жетекшілері журналистердің басын қосып, «Қала бұрыштары» деп аталатын ойын ережесімен таныс­тырды.
Астана қаласының әкімдігі және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компа­ния­сының қолдауымен Қазақстан Гёте-Инс­титутының базасында жасалған бұл жоба төрткүл дүние көз тігіп отырған ЭКСПО көрмесінің құрметіне арналыпты.
Жобаның мақсаты – Астана қаласын­дағы оқушылар мен студенттерге «Болашақ энергиясы» тақырыбының өзектілігін ойын түрінде жеткізу. Ойын барысындағы тапсырмалар жастарға қоршаған ортаны қорғауға және оған құрметпен қарауға итермелейді. Ойыншылар ойын барысында сиқырлы өзенге қайтадан өмір сыйлауға ұмтылады. Осы мақсатта сиқырлы энергия бөлшектерін іздеуі тиіс. Бұл кез келген адамды бір сәтке болса да табиғатпен үндестіре алады» дейді «Қала бұрыштары» жобасының жетекшісі Ирина Хеч. Адрес: http://www.astana-akshamy.kz/elordanyng-energiyasyn-sezin/

Copyright: «Қазақстан» РТРК»

Copyright: «Қазақстан» РТРК»

EXPO-2017 көрмесіне орай құрастырылған мобильді ойынның шарты қарапайым. Cиқырлы өзенге қайтадан өмір сыйлау. Ойыншылар өзенге қажетті энергияны алу үшін бірнеше тапсырманы орындап, ұпай жинайды. More

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар