Орта Азиядағы алғашқы ЭКСПО көрмесі

– қазіргі заманғы экономиканың дамуына арналған күш.

Spielplatz
schrittfierschritt
pferd
kids
Hurra

ЭКСПО – бұл «экспозиция» сөзінің қысқаша нұсқасы, яғни көрме. Және бұл ЭКСПО жәй ғана көрме емес, бұл ерекше көрме. Бұл БүкілӘлемдік көрме болып саналады: Exposition Universelle Internationale (Бүкіләлемдік Халықаралық көрме), Exposition Mondiale (Бүкіләлемдік көрме) немесе World’s Fair (Бүкіләлемдік көрме). Бұл сияқты көрмелер адамзат тарихында 1851 жылдан бастап орын алған, алғашқысы Принц Альберттің ұсынысы бойынша Лондонда бірінші халықаралық көрме ретінде ұйымдастырылды, ол индустрияландыру кезеңінде бүкіл дәуірді техникалық және халықтық қолөнер жетістіктерінің көрмесі ретінде көрсетті. Ол дәл солай аталды да: «Барлық халықтардың өнеркәсіптік еңбектерінің ұлы көрмесі». Лондондағы атақты Гайд-саябағында темір мен шыныдан көрме залы ретінде үлкен сарай салынды – өкінішке орай, ол шыны сарай 1936 жылы өртеніп кетті. Көп кешікпей ЭКСПО мұхиттың арғы жағына өтіп, Америкада да орын алды. Азиядағы алғашқы әлемдік көрме 1970 жылы Осака қаласында ұйымдастырылды.

Ең әйгілі көрме 1900 жылы Парижде өткен ЭКСПО болды – оны 50 миллион адам көрген, бұл сол кездегі елді елең еткізерлік жаңалық еді. Атақты Эйфель мұнарасы да осы Парижде өткен бүкіләлемдік көрмеге байланысты 1889 жылы салынған дейді. Брюссельдегі «Атомиум», Сиэтлдегі «Ғарыш инесі» және Ноксвиллдегі «Күн аясы» ғимараттары да осындай Бүкіләлемдік көрмелерге байланысты салынған. Бүкіләлемдік көрмелер заманауи және халықаралық шеңбер аясында әрбір елге тән ерекше және дәстүрлі сәулетін көрсетеді. Алайда бұрын осындай қажырлы еңбекпен салынған, қымбат павильондар көрме өткеннен кейін бұзылып тасталатын да кезеңдер жиі болған.

Көптеген айтулы жаңалықтар ең алғаш рет халықаралық көрмелерде көрсетіліп, осы жерден үй шаруашылығындағы салтанатты шеруін бастайтын, олар: эспрессо-машинасы, сіріңкелер, тігін машинасы, велосипед және телефон, тоңазытқыш пен далап, сыдырма ілгектер мен ыдыс жуатын машина, Қырым шампаны мен дыбысты фильмдер. Токпен істейтін жазу машинасы, жедел саты, астық жинайтын комбайн, шолу дөңгелегі, метро, маятникті арқанжол, троллейбус, сонымен бірге электрлі гибридті автокөлік те алғаш рет Бүкіләлемдік көрмелерде көрсетілген.

Бүкіләлемдік көрме деп аталатын себебі,

оған бүкіл әлем қатысады. Мысалы, 2000 жылы Ганноверде өткен аумағы 160 га ЭКСПО алаңында 150 ел көрмесін қойды. 5 ай ішінде көрме павильондарын 18 миллион адам көрген. Көрме «Адам, Табиғат және Техника – Жаңа әлемнің тууы» атты ұранмен өтті.

2008 жылы Испанияның Сарагос қаласында өткен көрмеге «Су және тұрақты даму» тақырыбы алынды.

2010 жылы Шанхайда өткен ЭКСПО көрмесі, қатысушылар мен келушілер саны жағынан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді: ол көрмені 73 миллион адам тамашалаған, әрине мұнда көрме өткізетін ел халқының тығыз орналасуы да үлкен рөл атқарады. «Қала жақсарса – өмір де жақсарады» атты ұранмен өткен көрме 192 елден келген 242 қатысушылар мен 50 халықаралық ұйымдардың басын қосты.

2015 жылы Миландағы 6 айға созылған көрме кезінде, 138 елдің павильондарын 20 миллионнан астам адам көруге келген, олар «Планетаны асырау. Өмір сүруге қажетті қуат» тақырыбы бойынша ақпарат алды.
Біздің Астанада өткізілетін ЭКСПО Орталық Азия аумағындағы ең алғашқы халықаралық ЭКСПО болып табылады. Ол «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша 113 га аумақта 100-ге жуық елдердің жәдігерлерін көрсетеді. EXPO көрмесі 2017 жылы 10- маусымда ашылып, 10-қыркүйекте жабылады. Осы уақыт аралығындағы 3 ай ішінде көрмемізді көруге 3- 4 миллиондай адам келеді деп күтілуде.

Сонымен Бүкіләлемдік көрменің ауқымы, өлкетану мұражайындағы көрмеге қарағанда басқаша және бұл қаржылық тұрғыдан да алғанда да солай. Мәселен, 2000 жылы Ганноверде өткен ЭКСПО-ға 3,5 миллиард неміс маркасы жұмсалған.

Бірнеше ай ғана көріп тамашалауға болатын көрменің өткізілуіне неге соншама көп қаражат бөлінеді? Ол соған лайық па?

Жауап: ИӘ!
Біздің елдегі ең маңызды шикізат, пайдалы қазбалар емес. Ең маңызды шикізат – бұл БІЛІМ! Және ең маңызды өндіруші күш осы білімді игеруші адам болып саналады.
Бұл білім өз-өзінен көбейіп, дамымайды. Білім – бұл халықаралық үрдіс, ол алмасу арқылы көбейеді.

Кез келген білімнің негізінде әрқашан білуге деген құмарлық тұрады. Егер адам ештеңе білгісі келмесе, егер оны ештеңе қызықтырмаса, онда бұл біздің жетілуіміз бен білім алуымыз үшін жақсы емес. Бірақ білуге деген құмарлықты арттырып отыру керек. Білімді аңсататын «материал» қажет. Шешілмеген мәселелер, қызықты деректер, келешектің сұрақтары, көкірегіңді оятатын жәдігерлер – осының барлығы бізді білуге құмарттырып, алға ұмтылуға итермелейді. Әрине біз мектептен немесе университеттен, кітаптардан немесе интернеттен білім ала аламыз. Алайда адамдардың алмасумен ешнәрсені салыстыруға болмайды! Құнарлы ақпарат пен өзара әрекеттестік, тәжірибе алмасу, идеялардың туындауы, бірлесе отырып ой сараптау – бұның бәрі осындай Әлемдік көрмеде орын алады.

Заманның ең озық жаңалықтары осы жерде барлық келушілер үшін қолжетімді болады – және осылайша оларды тіпті маман болмаса да түсіне алады. Бүкіл әлемнің жәдігерлері барлық жаңа, озық нәрселерге деген құлшынысты, қызығушылықты оятады. Оларды қолданғанда, немесе жаңа шешімдер шығару кезінде өзің де бірге қатысқың келеді. ЭКСПО көрмесіне бару біздің санамызға ерекше ықпал ететін болады. Біз жоғары технологиялар заманында өмір сүріп жатырмыз. Ақпараттық технологиялар мен байланыс желілерінің пайда болуы көптеген мүмкіншіліктер ашты, аймақтық және уақытша қашықтықты бағындырсақ та, ЭКСПО-дағы адамдардың алмасуының орнын басу тым қиын. Кез келген технология, тіпті ол озық болған жағдайда да, табысқа қол жеткізу үшін, бәрібір оған жетекшілік ететін адамды қажет етеді. Әрбір мәселенің шешімі дұрыс қойылған сұрақтың нәтижесі болып табылады.

2000 жылдан бергі Бүкіләлемдік көрмелердің таңдаған тақырыптарына қарап, мәселе не туралы екенін жақсы түсінуге болады: өсіп келе жатқан халқы бар жаһандандырылған әлемде, қорды пайдаланудың күрт өсуі және нашар экологиялық жағдайлар әсерінен климаттың өзгеруі – осы жағдайға дейін тұрақты дамуға және сол арқылы болашақты қауіпсіздендіруге негізделген жоспар құру керек. Бұл мақсатқа Астанадағы ЭКСПО толықтай үйлеседі. ЭКСПО -ның тақырыбы ретінде «Болашақ энергиясы: тұрақты дамудың әлемдік қағидалары» таңдалды. Онда дамушы елдерді жеткілікті түрде әрі сенімді энергиямен қамтамасыз ету мен өндірілген энергия көздерінен жаңармалы энергия көздеріне әлемдік деңгейде өтуге басты назар аударылмақ. Байқап қарасақ, бұл ешқандай да асыра сілтеу емес: «Болашақ энергиясы» тақырыбында бүгінгі күні адамзатқа қойылатын талаптардың ең үлкен мәселелері жайында сөз қозғалмақ.

Астанадағы ЭКСПО

бізге басталып кеткен болашақты елестеді. Бұл көрме бізді осы болашақты бірге орнатуға шақырады. Қазақстан ЭКСПО-ның күшін өз елінде пайдаланып, болашақ энергиясына көшуді жылдамдатады.
Қазақстан биыл ЭКСПО қонақтарын қабылдаушы елге айналуына не ықпал етті? 2010 жылы 1 шілдеде Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас ассамблеясында, ЭКСПО-ны өткізуге шешім шығарушы ресми ұйымда (www.bieparis.org) Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізуге дайын екендігін жариялады. 2012 жылы қарашада Астана бәсекелес Льеж (Бельгия) қаласынан басым түсіп, жеңіске жетті.
ЭКСПО көрмесін өткізу – қала үшін де, ел үшін де үлкен мәртебе. Бірақ ол үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Бұл тек қызықты әрі болашаққа жол сілтер Әлемдік көрмені ұйымдастыру ғана емес. Бүкіл ел миллиондаған қонақтарды күтіп алуға дайын болу керек, жылы қарсы алып, оларды орналастыра алуы керек. Әрбір келген қонақ әлемге Қазақстанның қонақжай және қазіргі заманға сай ел екендігі жайында жеткізу керек.

Барлығымыз жұмылсақ бұл мақсатқа да жетеміз!

Қосымша ақпараттар:

www.expomuseum.com/2017
astanaworldsfair.com
expo2017astana.com/
www.futureenergyforum.org/ru

Photo: Dagmar Schreiber.

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар