FAQ

«Қала бұрыштары» ойынына қалай тіркелуге болады?
Ойынға тіркелу үшін, төмендегі шарттарды орындау керек:

  • App Store немесе Google Play-ден өз айфоныңа, смартфоныңа немесе планшетіңе «Қала бұрыштары» қосымшасын жүкте
  • Құрылғыңа орнату жөніндегі қосымша нұсқауларына назар аудар
  • Тілді таңда
  • Электронды поштаңды жазып тіркел де, құпия сөзіңді есте сақта
  • Ойынға кір
Мен тіркелдім, ойынды бастау үшін әрі қарай не істеуім керек?
Егер сен «Қала бұрыштары» ойынын бастағың келсе, төмендегі нұсқауларды орындауыңды өтінеміз:

  • Ойынды бастамас бұрын, оның желісімен таныс. Сен бұл жерден өзіңе көп көмек табасың. Сонымен бірге «Қазынаға» қарауды да ұмытпа.
  • Өз Қарауыл тобыңды таңда да, жауынгерлік ұраныңды ойлап тап. Сен сілтемелер бойынша жүру арқылы ең алғашқы ұпайларыңды жинайтын ойын беті автоматты түрде ашылады.
  • «Қарауыл туралы мәлімет» арқылы «Карта» мәзіріне орал да, оған басып, өзің белгілі бір тапсырмаларды орындайтын және сол арқылы ұпайлар жинайтын Астана қаласының картасына ауыс. Сен бекетке кіріп, тапсырманы орындай алуың үшін, шын мәнінде сол белгіленген орында тұруың керектігіне назар аудар. Саған қажетті бекет қай көшелердің қиылысында орналасқандығын көру үшін, экрандағы картаңды үлкейтуіңе болады.
  • Сен межелеген жерде екеніңе көз жеткізу үшін, қайтадан картаны ашып, бекеттің белгісіне басу керек.
Мен Қарауылдар тобының қайсысын таңдауым керек?
Өзіңді қай Қарауыл Тобына жатқызғың келетіні жайында жақсылап ойлан. Бір жағынан алғанда ол сенің қызығушылығыңа сай болуы керек, ал екінші жағынан Өзендегі энергия теңгерімін де әркез естен шығармау қажет.
Яғни Өзен энергия бөлшектерінің барлық түрін жеткілікті мөлшерде алуы үшін, ойынға міндетті түрде барлық Қарауылдар тобы қатысу керек. Сен бекетке кірген кезде алатын энергия бөлшектеріңнің саны, өзіңнің Қарауылдар тобының қай түрін таңдағаныңа байланысты. Сонымен бірге сен өзің сияқты басқа да Қаруылдарды тауып, олармен топ құрсаң болады.
Сен қалай шешсең де, ең бастысы ойынды бастау үшін Қарауылдар тобын тез анықтау керек. Есіңде сақта: Қарауылдардың барлығы да маңызды, сондықтан өз интуицияңды тыңда. Қарауылдар және олардың киетектері жайындағы барлық ақпаратты бүкіл ойын барысында «Қазынадан», яғни Қазына -> Ойын сұрақтары->Қарауылдар топтары тобы түймешіктеріне басу арқылы таба аласың.
Сонымен бірге, кімнің сол сәтте ойнап отырғаны немесе қай бекеттерге ойыншылар көп баратыны жайында «фотоағым»нан көре аласың: urban-corners.org/photostream. Бұл жерден сен ойын барысында жүктеген тек өзіңнің суреттеріңді ғана емес, сонымен бірге басқа да ойыншылардың түсірген суреттерін көре аласың.
Ойынның мақсаты?
Ойынның мақсаты Сиқырлы Энергия Өзенін қайта жандандыру болып табылады. Өзен сен Қарауыл болу арқылы Астанадағы белгілі бір нақты орындардан алатын энергия бөлшектерін қажет етеді.
Ол үшін сен көптеген әр-түрлі тапсырмаларды орындау керексің. Әрбір сәтті орындалған тапсырма, саған сен кейінірек Өзенге бере алатын нақты мөлшердегі энергия бөлшектерін әкеледі. Сол энергия бөлшектері үшін сен ұпай аласың.
Кім ең жоғарғы ұпай жинаса, сол жеңеді. Бірақ оның соншама оңай еместігін ескер: Сиқырлы өзен тек Жел, Су, Жер, От, Уақыт пен Болашақ энергия бөлшектері онда тең деңгейде болған жағдайда ғана қайта жаңара алады. Осылайша сенің мақсатың тек ең көп ұпайды жинау ғана емес, сонымен бірге жалпы тапсырма жайында да ойлау болып табылады – бұл Сиқырлы Энергия Өзенінің қайта жандануы. Бұл тапсырманың шешімі барлық ойынға қатысушылардың өзара қарым-қатынас жасауларына байланысты.
Дәл осы себепті басқа ойыншылармен ойынның жаңа стратегиясын және алдағы әрекеттерді талқылау үшін оларды іздеу, табу өте маңызды.
Сонымен бірге бәрің бірігіп ойынға жаңа бекеттер ұсыну арқылы қосымша ұпайлар жинай аласыңдар.
Ойын жеңімпазы қалай анықталатын болады?
«Қала бұрыштары» ойынының ең белсенді зерттеушілері бағалы жүлделермен марапатталады. Олардың қатарына ену үшін ойынның белгілі бір кезеңдеріне дейін мүмкіндігінше көп ұпай жинау керек. Біз 1, 2, 3-орындар үшін жүлделер, сонымен қатар шығармашылық әдістемелер мен экологиялық идеялар үшін де арнайы сыйлықтар дайындадық.
Ойын қорытындысын мына кезеңдерде жариялайтын боламыз:

1-кезеңнің аяқталуы: 22 наурыз 2017 ж.
2-кезеңнің аяқталуы: 10 қыркүйек 2017 ж.
3-кезеңнің аяқталуы: 22 наурыз 2018 ж.
4-кезеңнің аяқталуы/ойынның соңы: 30 тамыз 2018 ж.

Әрбір кезекті кезең аяқталғаннан кейін ойыншылардың ұпайлары жойылады да, ойындағы бар бекеттер мен жаңа бекеттер үшін жаңа тапсырмалар пайда болады.
Қазақстан Гёте-Институты мен РЭЦЦА қызметкерлері, сонымен бірге серіктестеріміздің өкілдері кіретін әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайтын болады.

Жеңімпаздарды марапаттау әр кезеңнің соңында өткізіліп отырады. Мысалы сыйлықтар қатарында велосипед, скейтборд, шана, файерфон және айпад бар.
Ойын финалының жеңімпазы Германияға саяхат жасау жүлдесін ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар бүкіл ойын барысында өткізілетін арнайы жобаның іс-шараларына қатысушылар үшін және оның белсенді мультипликаторлары үшін футболкалар, күнкағарлы қалпақтар, жарнамалық саптыаяқтар, кәдесыйлар, ашықхаттар және жапсырмалар секілді шағын сыйлықтар дайындадық.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі әр кезеңнің соңында кең ауқымда Қазақстан Гёте-Институтының INFOLAB@-да өтеді.

Жиналған энергия бөлшектерін қалай қолдану қажет?
Жиналған энергия бөлшектерін сен өз қалауың бойынша Сиқырлы Энергия Өзенін жандандыруға беріп, оның орнына ұпайлар ала аласың, бұл ретте сен өзендегі энергияның Бес түрлі теңгеріміне назар аударуың керек. Ұзақ мерзімді болашақта Өзенді 100% жандандыру үшін, ол энергия теңгерімдері мүмкіндігінше тең болу керек.
Назар аудар: Сиқырлы Өзен өз тепе-теңдігін бірден жоғалтып алған жағдайда, оның деңгейі бірден төмендеп кетуі мүмкін.
Энергия бөлшектерін жинау дегеніміз не»?
«Энергия бөлшектерін жинау» сөйлемі Өзенге энергия бөлшектерін беріп, оның орнына ұпай алу дегенді білдіреді. Бұл ретте неге көңіл аудару керектігін сен «Энергия бөлшектерін жинау» деген көрсеткішке басу арқылы біле аласың.
Мен энергия бөлшектерімді өзенге қанша берсем де, оның деңгейі неге көтерілмейді?
Өзеннің қазіргі кездегі теңгеріміне назар аудару керек. Белгілі бір Қарауылдар тобына жататын әртүрлі энергия түрлерінің небәрі бес қана түрі бар.
Сиқырлы Өзен оның энергия бөлшектері тең болған жағдайда ғана, көтеріліп, көркейетін болғандықтан, ойыншы өзінің жинаған энергия бөлшектерінің қайсысын Өзенге бергісі келетіні жайында жақсылап ойлану керек.
Оған, егер ойыншы Өзенге сол сәтте ең төмен боп тұрған энергия бөлшектерін көбейту үшін қажетті энергия бөлшектерін берсе ғана, ең көп ұпай берілетін ұпайларды бөлу моделі көмектеседі. Жинаған ұпайлар саны жоғарғы жақтағы, оң жақ бұрышта көрсетіледі.
Бонус баллдарын қалай жинауға болады?
Бонус баллдары ерекше іс-әрекеттер жасаған Қарауылдарға беріледі:

  1. Энергия тақырыбы бойынша пікір-сайыстар мен семинарларға қатысу
    Осыған орай ақпараттарды біздің парақшамыздан қарауға болады.
  2. Ары қарай жаңа бекеттерді қосып, өңдеу
    Ойыншылар мен ойыншылар топтары бірге жиналып жаңа бекеттер мен оған қатысты тапсырмаларды ұсынып, қосып, өңдей алады. Егер ұсынылған ойлар әділқазы алқасының құптауымен ойынға алынатын болса, онда «Өңдеушілер» өте көп бонус баллдарын жинайтын болады. «Қала бұрыштарына» жаңа бекеттер мен тапсырмаларды қалай дайындауға болатыны туралы Гете Институттың семинарынан білуге болады. Егер кімде-кім қызығушылық танытса онда е-мейл жазуына болады: info@urban-corners.org немесе біздің әлеуметтік желіге жазуына болады:
    www.facebook.com
    vk.com
  3. Жаңа Қарауылдарды қосу
    Егер кімде-кім Сиқырлы Өзенді қайта жандандыруға жаңадан Қарауылдарды қосатын болса, онда 5 жаңа Қарауыл үшін 10.000 бонус баллын жинайды. Ал 10 Қарауыл үшін 20.000 балл, тсс. Ол үшін қосылған жаңа Қарауылдардың қолданушы атауларының немесе е-мейл адресінің тізімін info@urban-corners.org жіберу керек немесе INFOLAB@-қа әкеліп беру керек. Егерде жоғарғы Қарауыл дұрыстығын растаса, онда баллдар бірден ойыншының атына түсіп қосылатын болады.
  4. Қарауылдар квинтетін жинақтау және басқа да Қарауылдармен кездесу
    Ол қалай болады? Өте оңай:
    Сен INFOLAB@ -тан сенің „Қарауылдар тотемі“ бес карточкасын ала аласың. Содан кейін INFOLAB@-қа (ашылу уақытына қараңыздар) кім бес түрлі Қарауылдар тотемі бар толықтай квинтет өткізсе онда ол 20.000 бонус баллын алады. Сонымен, бірге бол, қаладан басқа Қарауылдарды іздеп тап, немесе жаңа ойыншыларды Сиқырлы Өзен Қарауылдары болуға алып кел және олармен карточкаларыңды алмастыр! Орындап көрсеңші.
Басқа бекетке қалай өту керек?
Басқа бекетке өту үшін, төмендегі нұсқауларды орындау керек:

  • Картаға орал да, саған қажетті бекеттің қайда орналасқанына көз жүгірт. Мекен-жайын білгесін, тайсалмай сол жерге жол тарт та, тапсырмаларды орында.
    Назар аудар: Сен қай бекетте болсын берілген тапсырмалардың барлығын орындай алмаған болсаң, кейінірек келіп оны аяқтай аласың. Кейбір бекеттерде сен ойынға әрбір 24 сағат сайын кіріп, сол үшін энергия бөлшектерін ала аласың. Тіркелген жеріңде сен қай бекеттер жайында нақты айтылып тұрғанын біле аласың.
Мен қай жерлерде тапсырманы орындап болғанымды қалай қадағалай аламын?
Ойыншы қандайда бір бекетке барып қайтқан кезде, ол бекет ойынның мұрағатында/Қазынада көрсетілетін болады.
Ал ойыншы бірде-бір бекетке бармаған болса, онда оның мұрағаты бос тұрады.
Сонымен бірге сен картадағы маркерлердің түсі арқылы

  1. ол жерге әлі бармағаныңды (қара түс)
  2. ол жерге барғаныңды, бірақ әлі тапсырмаларды толық орындамағаныңды (сұр түс) немесе
  3. барлық сұрақтардың жауабын тауып қойғаныңды (жасыл түс) біле аласың. бұрын барған жерлеріңде жаңа тапсырмалар пайда болса, онда ол да сәйкесінше басқа түске боялатын болады.
Мен ойынның соңғы нұсқасын қолданып жүргенімді қалай біле алам?
Android үшін:
«Қала бұрыштарын» лезде жаңарту:

  1. Play Market-те ресми қосымшаны аш та навигация мәзіріне кір (гамбургер-мәзірі).
  2. «Менің қосымшаларым мен ойындарды» таңда. Орнатылған барлық Android-қосымшалар ашылады. Жоғарғы жағында жаңартуға болатындары орналасқан.
  3. Енді не «Барлық жаңартуларды» таңда немесе «Қала бұрыштары» қосымшасының оң жағындағы «Жаңарту» түймесін бас.

Кеңес: автоматты түрде жаңарту үшін «Google Play Маркеттен» жоғары сол жағындағы «навигация мәзірі» (гамбургер-мәзірі) белгісін бас та «Теңшелеу» түймесін таңда. «Автоматты түрде жаңарту» түймесін бас та Автоматты түрде жаңартуды тек WI-FI арқылы ғана таңда.
(Қолданыс: praxistipps.chip.de)

iOS үшін (iPhone және iPad):
Жаңартуды қолмен орнату:

  1. App Store iPhone-да қос және төменгі оң жақта бағдарламаның алдағы барлық жаңартуларын көру үшін «Жаңартуды» таңда.
  2. Енді әрбір жаңартуды жеке-жеке орнат, ол үшін қажетті қосымшаның жанында тек «Жаңарту» түймесін бас, немесе барлық қосымшаларды бір уақытта жаңарт, ол оң жақта жоғарыда тұрған «барлығын жаңарту» түймесі арқылы жүзеге асырылады.

Кеңес: IOS қай нұсқасын қолданатыныңды тексер, ол үшін сен мысалы App Store аша аласың және экранның төменгі жағындағы «Сатып алу» белгісіне өте аласың. Ол жерде сен барлық орнатылған қосымшаларды көріп, жаңарта аласың, ал қосымшаларда жаңа нұсқа номері берілген. Егер сен оны бассаң, онда барлық деректері шығады, ал онда қосымшаның соңғы қажетті нұсқасы көрсетіледі.
(Қолданыс: www.turn-on.de)

Ойында мен тілді қалай ауыстыра аламын?
Ойынның басында сен «Ойын тілі» ретінде негізінен өзің ойнағың келген тілді таңдайсың.
Алайда ойын барысында сен оны тағы да ауыстыра аласың: ол үшін сен Қарауылдарға ақпарат- > Қолданушы аты -> Тіл таңдау түймелерін бас.
Егер сен ішінде болып бекеттегі тапсырмаларды орындауға дайын болсаң, онда оңайырақ болады: онда сен тілді ауыстыру үшін түймені жоғарыда оң жақта орын атауының қасынан табасың.
Суреттер неге жүктелмейді?
Ол үшін ұялы телефоныңыздағы “баптау” арқылы ойын қосымшасына камераны пайдалануға рұқсат беруіңіз керек.
Ойын жайында сұрақтар туындаған жағдайда кімге хабарласуымыз керек?
Барлық сұрақтарды біздің әлеуметтік желілердегі хроникамызда жариялауға болады:
www.facebook.com
vk.com
сонымен бірге мына электронды мекен-жайымызға хат жолдауыңызға болады: info@urban-corners.org
Назар аудар: «Қала бұрыштары» ойыны жайындағы барлық ақпараттарды Қазақстан Гёте-Институтының сайтынан табуға болады: www.goethe.de/kaz
Немесе INFOLAB@-қа келуіңе болады:

Қазақстан Гёте-Институтының Астана қаласындағы
дигиталды INFOLAB@-ы
Бейбітшілік көш-сі 8/Отырар көш-ң қиылысы
010000 Астана, Қазақстан
Teл. +7 7172-571240,
e-mail: infolab@almaty.goethe.org
www.goethe.de/kaz
Жұмыс уақыты:
дүйсенбі – жұма 14:00 – 17:30, сондай-ақ алдын-ала келісім бойынша

Қарауылдар кітабы не үшін қажет?
Қарауылдар кітабы саған әрбір бекет жайында толығырақ ақпарат алу үшін қажет. Кейде ол жерде кейбір сұрақтардың жасырылған жауабын тауып алуға болады 🙂

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар