Гёте-Институт

Гёте-Институт дүние жүзінің барлық елдерінде орын тепкен Германия Федеративтік Республикасының Мәдениет Институты.

Біз шетелдегі неміс тілін оқыту ісіне және халықаралық мәдени ынтымақтастыққа қолдау көрсетеміз.

Біз Германияның мәдени, қоғами және саяси өмірі жөнінде кең көлемде мағлұматтар береміз. Біздің мәдени және білім беру бағдарламаларымыз мәдениетаралық байланыстар мен диалогтарды қолдайды. Сол арқылы азаматтық қоғам мен халықаралық мобильдіктің дамуына септігін тигізеді.

60 жылдан астам уақыттан бері әлемдегі Гёте-Институтының филиалдары, Гёте-Орталықтар, Мәдениет қоғамдары, оқу залдары мен емтихан және тіл орталықтары сияқты желілеріміз басқа халықты Германиямен алғаш таныстырады. Әлемнің 90 елінің қоғамдық және жекеменшік мекемелерімен, жеке тұлғалары арасындағы көп жылдық қарым-қатынасымыз біздің елге деген тұрақты сенімнің қалыптасуына ықпал етуде. Біз дербес, әрі саяси тұрғыда тәуелсіз мекеме ретінде Германияға және оның мәдениетіне қызығушылық танытқандар үшін партнер бола аламыз.

Гёте-Институт Алматы

Алматы Гёте-Институты шетелде неміс мәдениетін насихаттау мен мәдениет аралық тәжірибе алмастыру мақсатымен алуан түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып тұрады.
Біздің тіл бөліміндегі жұмыстарымызды неміс тілін шет тілі ретінде оқыту саласындағы мұғалімдер мен оқытушыларға арналған Workshop-тар мен семинарлар және емтихандар толықтыра түседі. Сонымен қатар біз түрлі деңгейдегі тіл курстарын ұсынамыз.

Алматы Гёте-Институтының aқпарат орталығы Германиядағы мәдени, қоғамдық және саяси өмірдің өзекті жақтары туралы ақпараттар береді. Мұндағы кең қорда Германияны қызықтаушыларға, неміс тілін оқушылар мен оқытушыларға қажет материалдар бар.

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар