Іс-шаралар

Қарауылдардың төртінші мерекесі

Date: 13. October 2018

Time: 14:00 – 16:00

өткізілетін орын: INFOLAB@ Гёте-Институт, Астана

Биылғы жылдың қысында « Қала бұрыштары» ойынының Бас жүлде иегері ретінде кімнің Германияға баратынын білгің келе ме? Мүмкін бұл сен боларсың? Онда 2018 ж. 13- қазанда сағ. 14:00 -16:00 Қарауылдардың 4-ші мерекесіне кел, сонда барлығын толықтай білетін боласың. Оны ғана емес. Одан басқа сен тамаша әндер мен билерді, қызықты жарыстарды көресің, естелік сыйлықтарға ие боласың. Ал мерекенің өте керемет, әрі есте қаларлықтай болып өтуі үшін саған Қарауылдардың- От, Су, жел, Уақыт және Болашақтың біреуінің киімін киіп келуді немесе өз киіміңе Қарауылдардың киімінің бір элементін пайдалануды ұсынамыз. Сонда сенің мерекедегі суретіңе берілетін лүпілдердің саны бірден екі есеге көбейетіні сөзсіз. Сол сияқты Қарауылдар Кеңесінен келетін сыйлықтар да сонша болады. Қысқасы, бізге мерекеге кел, достарыңды ерте кел!!!

Жасанды интеллект келіп қалды!

Date: 26. August 2018

Time: 10:00 – 18:00

өткізілетін орын: INFOLAB@ Гёте-Институт, Астана

Чат-бот басында жанды адамдармен байланасу үшін ойлап табылған еді, бірте-бірте олар бір-бірімен байланыса отырып өздерінің жеке бір тілін ойлап тапты. Жасанды интеллект келіп қалды! Біртұтас цифрландыру дәуірі келіп жетті! Ос ы және басқа да жаңалықтарды біз онлайн -сауатсыздықты жоюға арналған семинарда қарастырамыз, ол 26 тамызда «Білімнің жаңа жарығы» бекетінде сағ 10.00-18.00 аралығында болады.

Заманауи онлайн-технологияларының Қарауылы Анна Сухачёва саған әлеуметтік желілер әлеміндегі соңғы жаңалықтар туралы ақпаратты жеткізеді, сол сияқты біздің аймақта интернет-байланыстың қай арнасы ең танымал екендігі туралы және де өзіңнің онлайн- өніміңді қысқа мерзімде өзіңе қажет аудиторияға қалай таратуға болатыны жайлы үйретеді.

Осыған қатысу үшін 20 тамызға дейін мына электрондық поштаға жазу керек:
Gulmira.Shandybajewa@goethe.de

Назар аудар, қатысушылар саны шектеулі!

Сен қалай тамақтанатыныңды айтсаң, кім екеніңді айтып беремін!

Date: 17. August 2018

Time: 15:00

өткізілетін орын: INFOLAB@ Гёте-Институт, Астана

Әу, Қарауылдар, той тойлайтын уақыт та келді ғой! Кел, «асқазанға бір мейрам» ұйымдастырайық, денсаулыққа зиян келтірмеу үшін қалай дұрыс тамақтану керек, соны білетін болайық. Саған тапсырма: Cенің қалаңда немесе оның маңайында «өсетін» өнімдерден ерекше, дәмді әрі экологиялық таза тағам әзірле! Дайындау барысын #urbaneecken #dubistwasduisst #waechterparty #umweltfreundlichesessen хэштегпен әлеуметтік желілерге сал.

Өзіңнің тағамыңды «Білімнің жаңа жарығы» бекетіне 17 тамызда сағ. 15:00 алып кел де, басқа Қарауылдардың дайындаған тағамдарының дәмін тат. Дауыс беру арқылы ең дәмді тағам таңдап алынады. Оның авторы естелікке кәдесый алады және ол басқаларды дұрыс та экологиялық таза тағамдармды пайдалануға үйретсе, оған қосымша 20 000 бонус беріледі.
Бағдарламада тағы жарыстар, ойындар мен викториналар да бар.

Осы «асқазан мерекесіне» қатысу үшін 15 тамызға дейін мына электрондық поштаға жазу керек:
Gulmira.Shandybajewa@goethe.de

Назар аудар, қатысушылар саны шектеулі!

Экомектеп

басталу мерзімі: 9. June 2018

аяқталу мерзімі: 10. June 2018

Time: 09:30 – 17:00; 10:00 – 14:30

өткізілетін орын: INFOLAB@ Astana

2018 ж. 9-10 маусым күндері «Білімнің жаңа жарығы» бекетінде (INFOLAB@) “Заманауи Қарауылдардың Орталығы” мамандарының қатысуымен (АСБК – Қазақстандағы Биоалуантүрлілікті Сақтау Ассоциациясы) экологиялық мектеп өтетін болады. Табиғатты қорғау тақырыбы бойынша теориялық білімнен басқа қатысушылар көптеген қызықты ойындарға, топтық тақырыптық жаттығуларға қатыса алады, сонымен бірге ақпараттар мен пікір алмаса алады.
Экологиялық мектепке қатысу үшін 2018 ж. 6-маусымға дейін INFOLAB@ үйлестірушісі Гульнара Нургалееваға (+7 7172 – 571240) тіркелу керек.

“Қоқысты да жаратуға болады” шеберлік сабағы

басталу мерзімі: 28. April 2018

аяқталу мерзімі: 29. April 2018

Time: 14:00 – 18:00; 09:00 – 13:00

өткізілетін орын: INFOLAB@, Астана

28-сәуірде сағ. 14:00 – 18:00 аралығында және 29-сәуірде сағ. 09:00 – 13:00 аралығында «Білімнің жаңа жарығы» бекетінде керексіз заттан пайдалы зат жасайтын Татьяна Ильченконың шеберлік сабағы өтеді. Оған қатысу үшін 20-сәуірге дейін, INFOLAB@ үйлестірушісі Гульнара Нургалеева ханыммен хабарласып, тіркелу керек. (+7 7172 – 571240)

Ойынның 4-кезеңі

басталу мерзімі: 30. March 2018

аяқталу мерзімі: 30. August 2018

өткізілетін орын: Астана

2018 жылдың 30-наурызында ойынның жаңа тапсырмалары мен бекеттері бар келесі кезеңі басталады. Ойынның жаңа кезеңі 2018 жылдың 30-тамызына дейін созылады. Сиқырлы Энергия Өзені қайта жанданып қана қоймай, сонымен бірге ең үздік және креативті Қарауылдар тағы да керемет жүлделерге ие болады. Ал ең басты жүлде – Германияға саяхат!

Қарауылдардың үшінші үлкен мерекесі

Date: 23. March 2018

Time: 15:00 – 17:00

өткізілетін орын: "Гранд Парк Есіл" қонақ үй

Марапаттау рәсімі Қарауылдардың үшінші үлкен мерекесі аясында 23-наурызда сағ. 15:00 – 17:00 аралығында “Гранд Парк Есіл” қонақ үйінің конференц-залында өтетін болады.

“Қала бұрыштары” ойынына жаңа бекеттер ойлар табу үшін шеберлік сағаты

Date: 20. January 2018

Time: 12:00 – 17:00

өткізілетін орын: ИНФОЛАБ@, Гёте-Институт, Астана

INFOLAB@-та сенбі күні, 20.01.2018 ж. ойыншылар өздерінің ойлап тапқан жаңа бекеттері мен тапсырмалары туралы идеяларын ары қарай дамыта алатын шеберлік сағаты өтеді.
Ақылды қарауылдар өздері ұсынған бекеттерді әділқазылар алқасы ойынға енгізетін болса, онда олар бонустар жинайтынын жақсы біледі.
Шеберлік сағатын өткізетін: Ирина Хеч („Қала бұрыштары” жобасының жетекшісі) және Дагмар Шрайбер („Қала бұрыштары” жобасының сарапшысы).

«Energien der Zukunft! – Wir denken mit!» атты креативті идеялар көрмесі

басталу мерзімі: 16. January 2018

аяқталу мерзімі: 16. February 2018

Time: 14:00 – 17:30

өткізілетін орын: INFOLAB@ Гёте-Институт, Астана

2018 ж. 16.01.-16.02 аралығында «Білімнің жаңа жарығы“ бекетінде «Energien der Zukunft! – Wir denken mit!» атты ең креативті идеялардың шағын көрмесі өтеді, олар соңғы кезде Қарауылдардың альбомында жарияланған еді. (more…)

“Қарауылдардың үлкен кездесуі”

Date: 7. October 2017

Time: 17:00 – 19:00

өткізілетін орын: «Гранд Парк Есіл»қонақ үйі, Мәжіліс залы

Ең үздік Қарауылдарға сыйлықтар табыс етіліп, басқа Қарауылдарға да өзгеше тосын сыйлар ұсынылатын Ойынның екінші кезеңінің аяқталуына орай өткізілетін “Қарауылдардың үлкен кездесуі” 2017 ж. қазанның 7-ші жұлдызында, «Гранд Парк Есіл» қонақ үйінің Мәжіліс залында болады.

ОЙЫННЫҢ 3-КЕЗЕҢІ

басталу мерзімі: 15. September 2017

аяқталу мерзімі: 22. March 2018

өткізілетін орын: Астана

2017 жылдың 15 қыркүйегінде ойынның жаңа тапсырмалары мен бекеттері бар келесі кезеңі басталады. Ойынның жаңа кезеңі «келер жылғы», яғни 2018 ж. 22-наурызына дейін созылады. Тек Сиқырлы Энергия Өзені ғана қайта жанданып қоймай, сонымен бірге ең үздік және креативті Қарауылдар тағы да керемет сыйлық иегерлері болады.

“Қала бұрыштары” ойынына жаңа бекеттер ойлар табу үшін шеберлік сағаты

Date: 6. August 2017

Time: 13.00 – 17.00

өткізілетін орын: ИНФОЛАБ@, Гёте-Институт, Астана

INFOLAB@-та жексенбі күні, 06.08.2017 ж. ойыншылар өздерінің ойлап тапқан жаңа бекеттері мен тапсырмалары туралы идеяларын ары қарай дамыта алатын шеберлік сағаты өтеді.
Ақылды қарауылдар өздері ұсынған бекеттерді әділқазылар алқасы ойынға енгізетін болса, онда олар бонустар жинайтынын жақсы біледі.
Шеберлік сағатын өткізетін: Ирина Хеч („Қала бұрыштары” жобасының жетекшісі).

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар