От

Көптеген халықтарда от барлық энергиялардың түп-тегі болып табылады. Қазақ халқында ол күшті білдіреді.
Энергияның бастапқы формасы –күн, «көктегі мәңгілік от». Тіпті оның атауы да көптеген тілдерде ұқсас келеді:
sun, sole, sol, soleil, солнце, suriya …

Біздің білуімізше адамдар ежелден күнді құрметтейтін. Ежелгі халықтар Күн Құдайына табынатын. Шамандардың мақсаты сол Жаратушылармен байланыс жасау болатын. Даладағы ежелгі петроглифтерде олардың бастары күн тәрізді көрсетілген. Адамдардың көптеген салт-ғұрыптары күннің жылдық айналымымен тығыз байланысты, күнтізбені де онсыз елестете алмаймыз.

Біздің ата-бабаларымыз найзағайдың күннің елшісі екеніне және оның күннен жерге от әкелетініне сенген. Адамның отты игеруін оның дамуындағы елеулі оқиға деп санауға болады. Отты сақтаушылар тайпадағы ең құрметті адамдар болып саналған. Ал қазір өмірді жылусыз және оттың қорғауынсыз елестету, оны ас әзірлеуге қолданбау мүмкін емес. Технологиялық даму да отсыз мүмкін болмас еді. Мұнда біз тек керамиканы күйдіру, металды балқыту мен құю туралы ойласақ та жеткілікті.

Мыңдаған жылдардың алдында Қазақстан сияқты қақаған қатты қысы бар континенталды елде адамдар оттың көмегінсіз қоныстана алмаған болар еді. Бірақ қазіргі таңда бұл біздің қолымыздан келеді! Қазақстанның көптеген аумағында жылына 2200 – 3000 дейін күн сағаты бар – және сол күнді «ұстап алып», оны қазіргі заманғы отқа, яғни күн энергиясына айналдыра білу жуық арада бүкіл елді электр қуатымен және жылумен қамтамасыз ете алар еді! Біздің еліміз қазір күн энергиясының азғантай ғана бөлігін, небәрі 0,1 пайызын ғана алады. Осы көрсеткішті біршама көбейту жоспарланып отыр. Алматы, Жамбыл, Қызылорда секілді оңтүстік үш облыста 2020 жылға дейін 76 мегаватт электр энергиясын өндіретін төрт ірі күн электр станциялары салынбақ. Әйтсе де қазір біз өз шикізаттарымыздан фотоэлектрлік модульдер өндіріп жатырмыз. Алматы облысы, Үштөбе қаласының аумағынан алынатын кремнийден Өскемен қаласындағы Solar Silicon өндірісінде мөрлік тақшалар жасалады. Модульдердің ақырғы құрастырылуы қаламыздағы ASTANA SOLAR өндірісінде жүзеге асырылады.

2012 жылдың аяғында Жамбыл облысы, Қордай ауданында 504 кВт қуатты «Отар» күн электр станциясының алғашқы бөлігі іске қосылды. Жоба дайын болған кезде оның қуаттылығы 7 Мвт дейін артады.

2013 жылдың соңында „Samruk-Green Energy“ ЖШС 2 мегаватт қуаты бар Қапшағай КЭС-ның негізін қалады (Алматы облысы, Қапшағай қаласы). Модульдар күннің орнына қарай өздері бағытталып отырады.

Қазақстан байрағында бейнеленген күн жуық арада мүлде басқа мағынаны білдіруі мүмкін!

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар