Уақыт пен болашақ

Уақыт пен болашақ – энергия түрі? Бұл қалай болуы мүмкін? Бұл жерде сөз уақыттың өзі емес, біздің ата-бабаларымыздың жүздеген, мыңдаған жылдар бойы жасаған еңбегі туралы болып отыр. Тәжірибенің, білім мен біліктіліктің бұл алып жиынтығын кейбір ақындар ғимаратпен, ордамен теңестіреді. Олардың ойы дұрыс. Әрине, бұл шынайы орда емес. Бұл білім жинақталатын орындар: кітапханалар немесе википедия, мектептер, университеттер және мұражайлар, сондай-ақ ақылды адамдармен әңгімелер. Біз осы «ордаларды» аралап, оларға зер сала қарасақ, өміріміздің барлық саласына пайдалы дүниелер табамыз, әрі одан бізге мол энергия құйылады. Сол энергия ағынына ашыла білсек болды. Басқаша айтсақ, білімқұмар болуымыз керек. Қамалдар, сарайлар, қорғандар, үйлер, құлпытастар, әсіресе шіркеулер мен мешіттер сияқты киелі құрылыстар сияқты көне, тарихи ғимараттар да уақыт энергиясын бөледі. Мұнда да әңгіме ғимараттардың өздері емес, оларға ата-бабаларымыздың «сіңірген» еңбегі мен қуаты, білімі мен біліктілігі туралы болып отыр.

Біз осы шақта, қазір өмір сүріп жатырмыз. Уақыттың екі өлшемі бар – өткен шақ және болашақ. Өткен шақтан бізге ата-бабаларымыздың мұраға қалдырып кеткен білімі мен олардың еңбегі арқылы туған дүниелер түріндегі энергия келеді. Болашақ та бізге энергия бере алады. Қалайша? Ол әлі осы шақта жоқ қой? Дұрыс, бірақ біз оны елестете аламыз. Біздің армандарымыз, тілектеріміз, жоспарларымыз біз үшін лайықты болуға тиісті болашаққа бағытталған. Біздің оны өз бетімізше құруға қақымыз бар. Осы мақсатта бізге шексіз энергия ағылуы мүмкін.

Біз өткен мен болашақты байланыстыру үшін бірдеңе ойлап табуымыз керек. Уақыт ағымын тоқтатуға жол бермеуіміз керек. Біз, тек біз ғана уақыт энергиясын тасымалдаушы бола аламыз. Біз өткен шақ энергиясын миымыз, жүрегіміз бен қолымыз арқылы заттандырып, болашаққа жібере алатын сиқыршылармыз. Және біздің байланысымыз арқылы. Уақыт дегеніміз ата-бабаларымыздың бізбен және біздің ұрпағымызбен байланысы.

 

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар