Жел

Адам өз дамуының бастапқы кезеңінде-ақ жел күшін пайдалана білген. Желкенді кемелер шамамен 3000 жыл бұрын пайда болған, адам баласы олармен бүкіл теңіздер мен мұхиттарды бағындырды. Жел диірмендері шамамен 4000 жыл бұрын Месопотамияда қолданыла бастаған. Олардың көмегімен астық пен дәмдеуіштер тартылып, өсімдіктерден май алынды. Жел диірмендері сондай-ақ ағаш тілетін машиналарды, сорғы қондырғылары мен су тартқыштарды жүргізу үшін де қолданылды. Соғатын, бұрғылайтын, ұнтақтайтын, кесетін және жонатын шағын диірмендер болды. Греция мен Голландия бүтіндей жел электр бақтарымен әйгілі. Айтпақшы ежелгі гректер желдің 8 түрлі құдайына табынған!

Жел турбиналарының көмегімен электр қуатын өндіру салыстырмалы түрде жаңа өнертабыс болып саналады. 1887 жылы шотландық Джеймс Блыс өз дачасында электрді желмен өндіру туралы ойға келген. Бірақ дәл осы өнертабыс климатты құтқаруға үлкен үлес қосар еді. Радиоға немесе тұрмысқа қажетті үйдің шатырында орналасқан шағын жел турбиналары мен жел генераторларынан бастап қуаттылығы 8 мегаваттқа жететін орасан зор жел құрылғыларына дейін. Қазіргі таңда әлемдегі электр қуатының 4 пайызы жел күшінен өндіріледі. Мұнда Дания – көшбасшысы, бұл кішкентай ел өз электр энергиясының үштен бір бөлігін желден алады.

Бүгінде тек ақымақтар ғана Дон Кихот сияқты жел диірмендеріне қарсы шайқасқа аттануы мүмкін.

Әйтсе де жел күшінің талқандаушы сипаты да бар, дауыл шатырларды жұлып, теңізде зор толқындар тудыруы мүмкін. Қазақстанның кең байтақ ашық даласында жел жиі дауылға айналады, қыста оны боран дейміз. Кеңестік ғарыштық кемені бекерге Боран деп атамаса керек, бұл атау күш-қуатты білдіреді.

Қазіргі кезде желді аймақтарда электр энергиясын жел қондырғыларымен өндіру көмір мен ядролық энергиядан өндіруге қарағанда арзанға түседі. Қазақстан жақын арада сондай тізімге енуі мүмкін! Қазіргі таңды біздің электр қуатымыздың тек оннан бір бөлігі ғана жел күшінен өндірілетіндігіне қарамастан, бұл көрсеткіш әлі өсетін болады.

Егер алыс болашақты ойласақ, Қазақтандағы жел қуатының әлеуеті зор. Ел аумағының 2 % құрайтын 50 мың шаршы км жерде желдің орташа жылдамдығы 7 м/с асады. Тек осы аумақта ғана жылына 1 трлн кВт. өндіруге болар еді – бұл дегеніңіз біздің еліміз қажет ететін электр қуатының көлемінен бірнеше есеге артық.

Уақыт белгілері байқалып келеді: Қордай мен Ерейментаудағы алғашқы жел бақтарында жаңа диірмендер өз қалақшаларын айналдырып та үлгерді. Келесі жел бақтары Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында бой көтереді. 2020 жылы біздің электр қуатымыздың 3 % жел күшінен өндірілетін болады.

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар