Жер

Жер-Ана – бұл тіркес барлық халықтарда бар. Бәріміз де –Жер-Ананың балаларымыз. Жер бетінде дүниеге келіп, соңында қайтадан жер топырағына айналамыз. Рух сыйлаушы Жер құдайы Гайя ежелгі гректердің басты құдайы болған. Көптеген халықтарда жер құдайы әйел текті және ол көбінесе туу мен өлімге де жауапты.

Туған жер, атамекен – жер қазақ халқы үшін де – қасиетті дүние. Олар жермен өте тығыз байланысты. Нәрестені немесе ұзақ жолдан қайта оралған адамды жерге аунатады. Сәбиді туған жерін сүюге үйрету үшін, ал жолаушыны сағынышы мен уайымынан арылту үшін. Жер үздіксіз өсімдік пен жануарлар дүниесінің көп түрін тудырады және олардың қалдықтарын қайтадан сіңіріп алады – бұл дегеніміз өмірлік күштің мәңгі айналымы.

Жер қойнауында ара-тұра өзін еске салып тұратын ғажайып энергиялар жасырылған: вулкандар атылады, жер сілкінісінен тұтас бір аймақтар дірілдейді. Сонымен қатар жерде энергия алу үшін қолданылатын тас және қоңыр көмір, тақтатас, уран, мұнай және табиғи газ секілді пайдалы қазбалар бар. Қазақстанда мұндай шикізаттар ерекше көп және оларды энергия өндіру үшін қолданады. Сонымен бірге бұл энергия тасымалдаушыларды экспортқа шығару бізге мемлекеттік бюджетке қажетті кіріс әкеледі. Бірақ бұл энерия тасымалдаушылардың кемшіліктері де бар: біріншіден, олар жанған кезде климатқа зиянды CO2 көмірқышқыл газы бөлінеді, ол ауаны қыздырып, климаттың өзгеруін жылдамдатады. Екіншіден, оларды шығару барысында табиғат зиян шегеді. Үшіншіден, уран және оның жанған қалдықтары денсаулыққа зиянды сәуле таратады. Төртіншіден, бұл энергия тасымалдаушылар шексіз емес. Күндердің күнінде олар түгесіледі, содан кейін не істейміз? Тоңуымыз керек пе сонда?

Бірақ жерде энергияның жаңартылып тұратын да көздері бар. Жердің жарылған жерлерінен ыстық немесе жылы су шығады. Қазақстанда емдік мақсаттарда қолданылатын ондай ыстық қайнарлар өте көп. Кейбір елдерде геотермиканың көптігі сондай, оны электр энергиясын өндіру үшін қолданады – мысалы, Исландияда жылыжайлар мен пәтерлер жер қойнауынан шығатын ыстық сумен жылытылады, мұнда энергияның 53 % жер жылуынан алынады. Сонымен бірге Шығыс-Африкалық рифті алқаптардың бойында орналасқан елдер де жер жылуын электр энергиясын шығару мақсатында көп пайдаланады. Жылу сорғыларының көмегімен геотермалды энергияны/жер жылуын тіпті ыстық су көзі жоқ жерлерде де қолдануға болады. Энергия қолданудың бұл түрі әзірше Қазақстанда таралмаған, бірақ болашақта бұл жағдай да өзгереді.

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар