Энергия тасымалдаушының түрлері

Бүгінгі күні әрбір ақпаратқа қанық адам адамзаттың, яғни біздің, табиғаттың пайдалы қазбаларын өлшеусіз қолданатынымызды, соның нәтижесінде парник газдарының пайда болуына жауапты екенімізді жақсы біледі, олар біздің денсаулығымызға зиянды әрі жалпы климаттың жылуын алып келеді. Қалың газ шыққандағы денсаулыққа тигізетін қауіп ерекше сезіледі. Шыққан газдар біздің дем алу органдарының жолына әсер етіп жөтел, аллергия мен астманы қоздырады. Климатта болған соңғы жылдардағы өзгерістерді біз ауа-райының бұрын соңды осындай жағдайда мүлдем болмаған түбегейлі өзгерісінен байқаймыз. Бір жерде құрғақ әрі аптап ыстық болса, екінші жерде қатты жел, жауын мен су тасқыны болады.
Астық жоқ, миллиондаған адамдар климаттың орасан өзгерістерінің салдарынан босқынға айналады! Біз бұған қарсы тұра аламыз ба? Әрине, тек егер
a) тап қазірден бастасақ
б) бүкіл адамзат бірлесе отырып әрекет етсе. Біз пайдалы қазбалар энергиясын аздан пайдалануымыз керек. Ал Қазақстанның ол үшін барлық жағдайы бар

Пайдалы қазбалар энергиясы дегеніміз не?

Бұл көмір, мұнай мен табиғи газ, мұнай қалдықтары мен торф, олар кейде жердің терең қабатында жатқан көне кездегі өсімдіктер мен жан-жануарлардан шығады. Энергия (жылу, энергия, автомобильдер мен машиналар қозғалысы) жағу арқылы алынады. Соның нәтижесінде олар ауада тарап кетеді немесе газ түрінде қалады. Егер олар жоқ болып кетсе, мәңгіге жоғалады. Жердегі көптеген пайдалы қазбалар қазір жоқтың қасы. Жаңа пайдалы қазбалар орындарын іздеуде және пайдалануда табиғатқа өте қатты зиян келеді.

Жаңартылған энергиялар дегеніміз не?

Ең алдымен бұл -күн мен жел, сонымен бірге өзендердің энегиясы мен теңіз бен мұхиттардағы жағадан келетін су энергиясы. Біз өз мақсатымызға қанша энергияны пайдалансақ та ол жоғалып кетпейдң. Біздің күн сәулесі әлі миллиардтаған жылдар бойы жарқырайтын болады. Қазақстан күннің нұры түскен ел. Елдің оңтүстігінде жылдың 300 күні бойы күн сәулесі түсіп тұрады! Ал солтүстікте күн нұры аздау, алайда мұнда да энергия мен жылуды шығару үшін өндірісте күн энергиясын пайдалану, мысалы Орталық Еуропаға қарағанда әлдеқалай жақсырақ. Ал ол жақта күн энергиясын кең ауқымда қолданады! Қазақстанға қарағанда күн сәулесінің ұзақтығы да күннің әсері де біршама аз болғанына қарамастан мысалы, Германия өз электроэнергиясының 5% тек күн сәулесінің көмегімен шығарады! Ал Қытайда күн энергиясын пайдалану жылдам қарқынмен дамуда, ол жерде күн энергетикасының аса зор парктері орнатылған.

Қазақстанда жеткілікті көлемде желдің де энергиясы бар. Әсіресе кең байтақ далада күшті жел соқса онда оған төтеп беру қиынға соғады. Бұл энергияны жел диірмендерінде электроэнергия шығару үшін қолдануға болады. Дания қазірдің өзінде қолданатын энергиясының 42% желден алады, ал ЕО елдерінің барлығы бірігіп 11% алады. Бізге көрші жатқан Қытай елі де желдің әлеуетін анықтап алды. Біз олардан қалмауымыз керек!

 

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар