Жеңімпаздар анықталды

2018 ж. 13- қазанда Астанада Сиқырлы Энергия Өзені Қарауылдарының қорытынды мерекесі болып өтті. Онда «Қала бұрыштары» ойынының жеңімпаздары жарияланды. Гёте-Институт қызметкерлерінен басқа, Астана қаласы әкімдігі мен Қазақстандық био алуан түрлілікті сақтау Ассоциациясының (АСБК) өкілдері кірген әділ қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орын жеңімпаздары анықталды:

1-ші орын – Ясмина Алина (жүлде: электросамокат)
2- ші орын – Орынбасар Калдарбек (жүлде: велосипед)
3- ші орын – Клара Кайратова (жүлде: айпад)
4- ші орын – Айя Талгатова (жүлде: смартфон)

AISHA 16 және @ana0110sta атты 2 ойыншы белсенділігі мен креативтілігі үшін Қорғалжың табиғи қорығына барып, Қызыл Кітапқа енгізілген сирек кездесетін құстардың көшу қозғалысын бақылауға мүмкіндік алды.

Бас жүлде – екі адамға Германияға сапар -оны жеңіп алған ойынның барлық кезеңдері мен жоба жұмыстарына үнемі қатысып отырған, «Қала бұрыштары» ойынының бірнеше бекеттерінің авторы, Астана қаласы сәулет мекемелерінің бірінің қызметкері Дамиля Катренова болды. Ол осы жылдың қараша айында Германияға сапар шегіп, Берлиннің рождество қарсаңындағы ерекше кезеңіне тап болады.

Қарауылдар кеңесі жеңімпаздарды құттықтай отырып, олардың оқу мен еңбектеріне табыс тілейді. Ерекше алғысымызды үш жыл бойы Энергияның Сиқырлы Өзенінің тепе-теңдігін сақтап қалуға тырысқан және туған қалаларының экологиялық мәселелерін шешуге өз үлестерін қосқан, қоршаған ортамен үйлесімділік табуға тырысқан барлық Қарауылдарға білдіреміз. Сіздер ең үздіксіздер!

Суретте:
– Біздің жеңімпаздар. Сергей Астелиннің суреті

Mекен жайы

Қазақстан Гёте-Институты
Наурызбай батыр көшесі, 31
„Premium“ бизнес-орталығы
050000 Алматы, Қазақстан
www.goethe.de/kaz
Тел.: +7 727 2797899
Факс: +7 727 2798241
E-Mail: info-almaty@goethe.de

INFOLAB@ Astana
Бейбітшілік көш. 8
Тел.: +7 7172 57 12 40
E-Mail: infolab-astana@goethe.de

Карта

Бастаушылар